Шоғыр ақмамық () – астық тұқымдасының ақмамық туысына көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30 –60 см, түсі сұр жасыл, тамыры селдір, шым түзеді. Сабағы түксіз, беті тегіс, тік өседі, жіңішке түп жағы бадана тәрізді толықтау, солғын жапырақты. Сабақ жапырақтары қысқа, жіңішке, жалпақ не сәл ширақты, беті бұдырлы, ені 0,8 – 1,3 мм. Жылтыр, жасыл не күлгін түсті сыпыртқысы шашыраңқы, ұзын 10 – 20 см, 4 – 8 гүлді, ұзын 5 – 6 мм дара-дара масақты, мамыр – маусымда гүлдейді. Орта Азияда, Балқаш-Алакөл атырабында, Түркістан маңында, Іле Алатауында, Шу – Іле тауында, Қаратауда таралған.

Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Санат:Астық тұқымдасы