Шкодран Мустафи (нем. Shkodran Mustafi; 1992 жылы 17 cәуірде Бад-Херсфельд қаласында туылды) — албандық неміс футболшысы, Шальке 04 клубының қорғаушысы.
Мансабы Клубтағы Шкодран Мустафи — «Гамбург» футбол клубының тәрбиеленушсісі.
2009 жылы жазда ағылшындық «Эвертон» клубына көшіп, 3 жылдық контракка қол қойды. «Иристер» құрамында 2009 жылы алғаш матчын Еуропа Лигасында «БАТЭ» клубына қарсы өткізіді. Осы матчта ғана «Эвертон» үшін ғана ойнап, басқа матчтарға қатысқан жоқ.
2012 жылы 3 қаңтарда италияндық «Сампдория» клубына көшті. Үш маусым бойы осы клубта болып, 53 матч ойнап, 1 рет ғана голмен ерекшеленді.
2014 жылы 6 тамызда испаниялық «Валенсияға» көшті. Екі жылдан соң Лондонның "Арсеналына" ауысты.
Ұлттық құрамада 2009 жылы мамырда алғаш рет Еуропа 17 жасқа дейінгі чемпионтта ойнап, Германия құрамымен жеңіске жетті. Негізігі ұлттық құрама үшін алғаш рет 2014 жылы 13 мамырда, Польша құрама командасына қарсы ойнады.
Әлем чемпионатына 2014 жылы қатысып, 3 матч өткізіп, 1/8 финалында Алжир құрамасымен ойнағанда жарақаттанып қалды. Жетістіктері Ұлттық құрамада 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы: 2009 Әлем чемпионы: 2014 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2016 Уонфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2017
Сілтемелер Футболисттің ресми сайты
Эвертон футбол клубының ресми сайтында профилі
Санат:17 сәуірде туғандар Санат:Бад-Херсфельдте туғандар Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Жасөспірімдер арасындағы футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары