Мунир Эль-Хаддади Мохамед (араб. منير الحدادي;; 1 қыркүйек 1995, Сан-Лоренсо-де-Эль-Эскориаль) — испаниялық футболшы, "Севилья" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық мансабы Мунир өзінің мансабын испандық "Гахапагар" клубында бастады. "Гахапагар" футбол клубынан соң "Райо Махадаонда" футбол клубына ауысты, ал Барселона сапына Мунир 2011 жылы келеді. 2013/2014 маусымының екінші жартысында Барселонаның екінші құрамасына кіреді, ол құрамада 11 ойында 4 гол соғып көзге түседі. 24 тамыз күні 2014 жылы Мунир ең алғаш "Барселона" футбол клубының бірінші сапымен өз өнерін "Эльче" фубол командасына қарсы көрсетеді және сол ойында Мунир 46 минутта гол соғады. Ұлттық құрама мансабы 2014 жылдың 8 қыркүйек күнінде "Еуро-2016" Чемпионатына іріктеу айналымында 18 жасар Мунир ең алғаш Испания құрама сапында Македония құрама сапына қарсы өнер көрсетеді. Жеке өмірі Мунирдың әкесі Марокканың азаматы, ал анасы Марокка текті испан.
Жетістіктері
«Барселона»
Испания чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 Испания кубогы (2): 2014/15, 2015/16 Испания суперкубогы: 2016 Чемпиондар лигасы: 2014/15 УЕФА суперкубогы: 2015 Клубтар әлем чемпионаты: 2015
«Севилья»
УЕФА Еуропа лигасы: 2019/20
Жеке
Жастар арасындағы Еуропа лигасының үздік мергені: 2013/14 (11 гол)
Дереккөздер http://www.sports.ru/tags/153479693/ https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D1%8C-%D0%A5%D0%B0%D0%B4%D0%B4%D0%B0%D0%B4%D0%B8,_%D0%9C%D1%83%D0%BD%D0%B8%D1%80
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Марокко футболшылары