Марк Бартра Арегаль (исп. Marc Bartra Aregall; 15 қаңтар 1991, Сант-Жауме-дельс-Доменьс, Таррагона, Испания) — қорғаушы шебіндегі испан ойыншысы. Қазіргі таңда "Реал Бетис" сапында және Испания ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. Карьерасы 14 ақпан 2010 жылы Марк Бартра "Барселона" сапында алғаш ойынын Хеффрен Суаресты ауыстырып соңғы 30 минут қалғанда ойынға кіріді. Ол ойында "Барселона" "Атлетико Мадрид" командасына қарсы ойнады. Есеп 2-1, Атлетико жеңеді.

21 мамыр күні 2011 жылы Марк Бартра өзінің "Барселона" сапында ең алғашқы голын "Малага" футбол клубына қарсы ойында салады, ал екінші голын 2013/14 Испанияның Кубогында Реалға қарсы ойында салады, бірақ бұл гол "Барселонаны" жеңілістен құтқармайды. Ол ойында Реал жеңіске (2-1) есебімен жетеді.

Марк Бартра "Барселонада" 15 нөмірдің астында ойнайды. Оның көбіне екінші Карлес Пуйоль депте атайды. Қазіргі таңда Марк Бартра ең үздік жас қорғаушылардың қатарына кіреді.

2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Жетістіктері

Клубтық Барселона Испания чемпионы (3): 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15, 2015/16 Испания Кубогының иегері: 2011/12, 2014/15, 2015/16 УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2010/11, 2014/15 Дереккөздер

Санат:испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары