Қосағал — Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 94 км-дей жерде.
Тарихы Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары (1928 – 30) ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Тың жерлерді игеруге байланысты 1960 жылы астық кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 5 ЖШС, 39 шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1364 адам (677 ер адам және 687 әйел адам) болса, 2009 жылы 425 адамды (228 ер адам және 197 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері