Досжан хазірет мешіті (XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы) – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-батысқа қарай 2,7 км жерде орналасқан.
Тарихи деректер Діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері болған Досжан ишан Қашақұлының (1815-1896) мешіті құрылысының салынуын Бірман ұстамен байланыстырады [Әжіғали, 2002, 132 б.]. Бұл шебердің мешіттер құрылысы саласындағы қызметі туралы ақпарат 2008 жылы Бірман ұстаның немересі – бұрынғы мектеп директоры, қазір Қобда ауданының Жаңаталап ауданының зейнеткері Бірман Ғалымжан Сәлімұлынан алынған. Досжан ишан Қашақұлы (Досеке, Дошеке) 1896 жылы 84 жасында қайтыс болған және мешіттің шығыс бөлігінде, кейіннен оның есімін алған діни-тұрғын кешенінде жерленген. Мола – тіктөртбұрышты шағын қоршау, оның батыс жағынан кейіннен құлпытас орнатылған.
Сипаты thumb|right|250px|Досжан ишан мешіті. Ішкі көріністері. Мешіт алты бөлмеден тұрады, терезелері адам бойынан биік. Мешіттің ұзындығы – 28 м, ені – 11 м, биіктігі – 5 м. Бөлмелерде тіректер жоқ. Сондай-ақ, терезелер күмбез түрінде жасалған. Кұмбездің үстіне жарты ай орнатылған, күмбезден түскен жарық бөлмені жарықтандырды. Мешіт қабырғаларындағы суреттер мен хадистер қызыл өрнекпен безендірілген. Мешіттің алдында үй мен мұнара болды. Қазіргі уақытта мешіттің төбесі құлап, тек қабырғалары қалды. Ишандар, сопылар осы мешітте тәлім алған, кейін олар халыққа қызмет еткен.Ақтөбе облысының киелі географиясы. Табиғат, археология, сәулет және этнография нысандарының тізілімі. Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. 520 б. Ақын Әбубәкір Боранқұлұлының жырларында Досжан ишанның мешітінде мыңдаған шәкірт білім алды деп көрсетеді. Ақынның "Қазағым" жинағында: "Мешітті таңғажайып салды оңдап, Ұстаны Бірман атты алды таңдап, Ойы мен зейіні артық шеберлерді, Қасына жүз шамалы қосты жалдап. Бір жылда салып болды керегесін, Қондырып кісі бойы терезесін. Төбесі бөлме – бөлме іші бұрау, Бағана асты – үстіне жоқты тіреу. Қиық жоқ, белдігі жоқ үстін басқан, Төбесін күмбез қылып бұрып қосқан. Ғажайып нақыштары әрбір түрмен, Жазулы аят, хадис қызыл сырмен. Көргенде сүйек еріп, тәнің балқып, Толғандай мұсылманның көңілі нұрмен" – деп суреттелген.
Кеңес үкіметі кезінде мешіт алғашқыда дүкен, кейін ат қора ретінде пайдаланылған. 1980-жылдары мешіттің күмбезі жартылай сақталып тұрған деседі. Бүгінде төбесі құлаған. 1990-жылдары Шұбарқұдықта тұратын ұрпақтары мен ағайын-туыстары бірігіп, мешіттің қасынан тілеухана салдырған. Хазіретті құрмет тұтып, басына садақа беретіндер үзілмейді екен.
Досжан хазіреттің қолданған мүлкінен қазірде сақталып қалғаны – мөрі. Мөр қазір Шұбарқұдықта, жеке қолда. Мөрдің бетінде арабша: "Аллаға құлшылық етуші молла Досмухаммад ибн Қашақ 1248" (хижра жыл санауы бойынша) деп жазылған. Мөр түсті металдан ойылып жасалған, әдемі тұтқасы да бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Досжан қазірет мешіті
Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Қазақстан мешіттері