Боғдыхан (Bogd хаan — «қасиетті билеуші») — XV–XVIII ғасырлардағы орыс құжаттарында Қытайдың Мин империясы (1368–1644) мен кейінгі Цинь империясы императорларын атау үшін қолданылған атақ.

Бұл атаудың орыс қолданысына енуі мәнжүр императоры Хуан Тайцзидің (Абахай) (1626–1643) Қытайды толық жаулап алмай тұрып-ақ моңғолдардың «Боғдо хан» атағын қабылдауымен байланыстырылады. Ерофей Хабаровтың Амур өңіріне жасаған жорықтары (1650-жылдар) кезіндегі грамоталарда және кейінгі орыс-қытай қатынастарына қатысты құжаттарда «боғдой патшасы», «боғдой кінәзі» және «боғдой ханы» сияқты атаулар да кездеседі. Орыс әдебиетінде бұл атау ұзақ уақыт бойы жалпы Қытай императорларын білдіретін ұғым ретінде қолданылды. Мысалы, Александр Пушкиннің шығармаларында да кездеседі:

1911 жылғы Моңғол ұлттық революциясынан кейін «Боғдо хан» (орыс деректерінде «богдыхан», «богдохан») атағын Моңғолиядағы буддистердің рухани көсемі Боғдо-гэгэн VIII қабылдап, оны соңғы Цин императорынан мұраланған дәстүрлі титул ретінде пайдаланды.

Дереккөздер

Санат:Қытай императорлары