Гавайи (, ; гав. Hawaiʻi, ) — АҚШ штаты. Тынық мұхитының бел ортасында, АҚШ құрлықтық бөлігінен 3700 қашықтықта, Гавайи аралдарында орналасқан. Штаттық статуспен федерацияға 1959 жылдың 21 тамызында енді, сөйтіп АҚШ-тың 50-штаты болды.

2017 жылдың санағы бойынша халық саны 1 427 538 адам US Census Bureau Quick facts: Hawaii. Қала тұрғындары 70% құрайды. Ресми тіл – ағылшын. Одан бөлек жапон тілі де қолданылады. Тұрмыста жергілікті халықтың гавайи тілі де қолданылады.

Штаттың астанасы – Гонолулу. Басқа да ірі қалалары – Хило, Каилуа-Кона, Канеохе. Экономикалық тұрғыдан Оаху аралы мейлінше дамыған.

Штаттың басқа атауы – Алоха штаты.

Ірі қалалары

Дереккөздер

Галерея

Дереккөздер

Санат:АҚШ штаттары