Плиозавр (Pliosaurus) — плезиозаврлар отряд тармағына жататын қазба бауырымен жорғалаушылардың бір тобы. Плиазаврлар юра дәуірінің аяқ кезінде және бор дәуірінде теңізде тіршілік еткен. Тұрқы 10 м-ден астам, басы үлкен, мойны қысқалау, ірі де күшті су жыртқышы. Қазба қалдығы барлық құрлықтан белгілі, КСРО-да негізінде Волга сырты мен Солтүстік-Батыс Қазақстанда табылған. Дереккөздер

Санат:Динозаврлар Санат:Жануарлар Санат:Жойылып кеткен жануарлар