Жолторғай () - сұлыкеш тұқымдас орташа денесі «20-30 г. торғайтектес құс. Басы - қара, жоны - бойдай созылған қызылсары теңбілдері бар, өрнектелген қызғылтсары, сарғылт жалпақ жолақты; бауыры - ақ-қара түсті құс.
Қазақстанда негізінен алғанда негізгі қыстау орындары Монғолия және Гоби шөліндегі тундрадан ұшып өткенде кездеседі. Дегенмен кейбір қыстарда Қазақстанда да байқадады. Оны желтоқсанда және қаңтарда Батыс Қазақстаннан, Маңғышлақ түбегінен, Павлодардан және Семейден аулаушылар бар. Күзде - қыркүйектен бастап, көктемде наурыздан сәуірдің аяғына дейін ұшып өтеді. Оның үстіне 1960 жылы Қорғалжында мыңдаған жолторғайлар кездескен, олардың үлкен тобы селеудің тұқымын қорек еткен.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Дереккөздер
Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары Санат:Солтүстік Америка құстары