Жақсықылыш – Солтүстік Арал маңында, Жақсықылыш көлінің батыс, солтүстік-батысындағы қыратты тау жұрнағы. Абсолюттік биіктігі 110 м. Ұзындығы 28 км, ені 5-10 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстік-шығыс беткейі тік жартасты, сай-жыралармен тілімденген, етегінде үйінділер кездеседі. Эоценнің гипс негізді саз балшығы мен құмынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр сортаң топырағында жусанды-сортаңды шөптер өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы таулары