Қосағаш — Павлодар облысы Ертіс ауданы, Панфилов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Қосағаш ауылдық округі" орталығы болған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ертіс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1063851 372 43,7 432 189 43,8 419 183 43,7
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде сүт бағытындағы мал және астық өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ертіс ауданы елді мекендері