Самуил Готлиб () (1744, Тюбинген - 1774, Дағыстан)) - саяхатшы, табиғат зерттеуші.

1767 жылы Петербург ғылым академиясының шақыруымен Ресейге келеді. Сол жылдан бастап академик болып есептеледі. 1768-1774 жылдары академияның тапсырысы бойынша Дон алқабына, Волганың төменгі сағасына, Кавказға және Каспий теңізіне саяхатқа шығады. Сол жұмыста жүріп, Дағыстанда қайтыс болады. Ол өзінің Путешествие по России для исследования трех царств естетства (1771-1785) деген шығармаларында осы болған жерлерінің табиғаты туралы бағалы мәліметтер қалдырған және өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін, соның ішінде тарпаңды да сипаттап жазған. Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том

Дереккөздер

Санат:1744 жылы туғандар Санат:Германияда туғандар Санат:1774 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия саяхатшылары