thumb|right|250px|Сұн зының Соғыс өнері кітабы, қытайша Отыз алты айла (Sān shí liù Jì) — ("Қытайдың 36 қулығы" деп те аталады,) әуел баста соғыста, сосын саясатта, мәдениетте, экономикада, тұрмыста қолданылған қулық-сұмдықтар топтамасы, ол сонымен бірге адамдардың жеке қарым-қатынастарында, көп жағдайда алдамшы немесе қалыптан тыс әдістерге сүйене отырып бірқатар айла-шарғыларды қолдану туралы қытай тілінде жазылған арнаулы шығарма. Оны заманымыздың V ғасырында, Қытайдың Лю Сун патшалығы заманында Tan Daoji деген әйгілі соғыс генаралы ежелгі кітаптардағы қытай қулық-сұмдықтарын жинақтап, өзінің соғыс амалдарын қорыту арқылы жазып қалдырған.
Негізінен қытайды түсіну үшін қытайдың әскери айла-шарғыларын түсіну керек. Олардың ең ежелгі ойшылы Лао-цзы айтқан екен: "Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді" деп. Яғни тамшы су тасты теседі, жұмсақ, биязы амалдар қатал келуге қарағанда өнімді болады, қатып алғандар тез сынады, жұмсақ, бейімделгіш нәрсе өміршең, ортаға сәйкестенгіш болады. Ал, әлсіз күштіні жеңетін себебі, әлсіздер өз әлсіздігі себепті ақыл ойлай бастайды, қулық қарастырады, шығар жол іздейді. Ал, күштілер өз күшіне сеніп қалады, күштілік көбінесе қулықтың алдында сәтсіз болады. Ертегілерде кездесетін "арыстанды құдыққа құлатқан құмырсқа" туралы әңгіме желісі көбінесе осы идеяны айтатын секілді. thumb|right|400px|Қытай ойшылы Лао-цзы
Сондай-ақ, Лао Цзы "Соғыспай жеңу" деген идеяны ұсынған. Бұл идея бойынша егер жауыңды соғысып жеңсең, күшпен бойұсындырсаң, олардың көңілінде қайткен күнде де өшпенділік болады, бүгін болмаса, ертең, ертең болмаса бүрсікүні күшейсе сенен өш алмай қоймайды. Соғыспен жеңу уақыттық қана бойұсынуды туғызады. Ал, соғыспай жеңу деген жауыңды жұмсақ амалдармен риза етіп, сеніміне бөленіп, мәдени тәуелді етіп, өз аяғымен саған келіп берілуге қол жеткізу. Мұндай жеңіс тұрақты болады. Сондықтан "соғыспай жеңуге" тырысу керек дейді.
Сосын Лао Цзы және "Құпиялықта құдірет бар", "Құпиялық үрей туғызады" деп есептеп, құпиялыққа мән беруге, құпиялық арқылы өз жараңды сыртыңа білдірмей ("Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде"), сыртқа күшті көріну керек екенін ескертеді. Құпиялығы жоқ нәрсені кез келген нәрсе жеңіп алады, сондықтан Бірінші ереже Құпиялық болуға тиіс деп есептеген. Лао Цзыдың бұл идеяларының бәрі бүгіндері Қытай мәдениетінің қанына сіңіп кеткенін байқаймыз. Қытай айлакерлігінің үлкен бір тамыры осы Лао Цзыдың идеяларында жатыр.
Қытайдың айлакерлікке қатысты кітаптары осы "Отыз алты айламен" шектелмейді. Осыдан 2500 жыл бұрынғы қытай ойшылы Сұн Зының Соғыс өнері кітабын жазған. Аталған кітап күні бүгінге дейін әр елдің қорғаныс саласындағы оқыту істерінде, үлкен әскери жобалар мен әркекеттерде тікелей пайдаланылады.
Бұдан басқа Қытайдың әйгілі романдарының бірі "Үш патшалық хикаясы" деген кітабында да не бір айла-тәсілдер әдеби тәсілде айшықты жазылған. Онда қытай үш патшалық болып бөлінген кезде әскери айлакерліктің не бір тірі мысалдар көрсетілген.
thumb|right|200px|Мау Зыдоң және әйелі Қытайды азат етуші көсемі Мау Зыдоң Қытайдың ішкі соғысы мен жапонға қарсы соғысында осы Дао ағымының, сосын Сұн зының әскери ілімдерін жетілдірген, "Отыз алты айла" кітабындағы көптеген соғыс айлаларын тіке қолданған. Әсіресе партизандық соғыс жасау, соғыстың қозғалысты күйін сақтау, жау күшті, өзі әлсіз болғанда ұзаққа созылатын соғыс жасау, практикалық білімді негіз ету, қарапайым халықтың күшіне сүйену, шаруаларға жер бөліп беріп қолдауын қолға келтіру секілді көптеген ережелермен, айла-тәсілдерді дамытты.
Оны Батыс әлеміне алғаш рет таныстырған швейцариялық Һарро фон Зенгер болатын. Ол Тайбэй университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде «Түк шықпаса, онда қашып құтыл» деген қытай мақалымен танысады.
Қазір бұл кітап әлемдегі әскери соғыс тактикасы мен стратегиясы үшін маңызы айырықша әлемдік кең тараған кітаптардың бірі есептеледі. Қытай елі 5000 жыл бойы көптеген халықтар жағынан бодан етілсе де, ақыры қытайлық мәдениет бәрін жеңіп, өзін билегендерді түгел қытайландырып шығуына бұл кітаптың зор әсері болғаны сөзсіз.
Отыз алты түрлі айла thumb|right|300px|Қытайдың әскери әдіс-айлаларға қатысты көне жазбалары "Соғыс атаулының бірі ғана соғыс, тоғызы қулық" деген сөз бар. "Соғыста ұят болмайды" деген де пікір бар. "Отыз алты айла" кезінде арнаулы түрде соғыс үшін ойластырылған қараңғы амал-тәсілдер есептеледі. Онда этикалылық, адамгершілік ескерілмеген. Көбінесе соғыстың мақсаты жеңу екен, ендеше жеңіске алып барған кез келген тәсіл дұрыс тәсіл дегенге негізделген. Әрине, бұл айла-шарғылар қазір тек соғыста ғана қолданылмайды, ол кез-келген салада, күнделікті тұрмыста, саясатта, экономикада, саудада, спортта, адамаралық байланыста жалпыбеттік қолданылады. Әр ұлттың өзіндік "36 қулығы" бар, тек ішіндегі ең жүйелі және өнімдісі қытайдікі болса керек. Әрине, қулықты білу қу болу үшін емес, ең маңыздысы қулыққа төтеп беру үшін, ең бір сәтсіз кезде қиындықтан шығу үшін, жамандықпен күресу үшін, сол қулықтардың өзіне төтеп беру үшін болмақ. Қазіргі әлемдегі текетірестер мен бәсекелестіктерде, тіпті қақтығыстарда осы қытай 36 қулығының ізі байқалады. Қытайдың отыз алты айласының негізгі мазмұны мен мағынасы төмендегідей (қазақшаға еркін аударма жасалды): thumb|right|400px|Көне қытайлық келбет
Бірінші тарау: Жеңу айлалары Бірінші айла: Аспанды алдап теңізден өту айласы — көрініп тұрып көрінбеу, яғни көз үйренген нәрсеге адам күдіктенбейді. Демек көз үйренгендей үйреншікті жалған көрініс жасау. Қарамаққа ашық болу, бірақ сол ашықтың тасасында жеңіске апаратын жабық құпия жасыру.
Екінші айла: Бірін құтқарып, бірін қоршау айласы — топтасқан жаудан бөлшектенген жау оңай. Демек жауыңды бөлшектеу, жауыңды қолдаушылардан айыру ең басты ереже болуы керек. сондай-ақ алдымен жаудың әлсіз тұстарын талқандап, сосын күшті бөліктеріне ауысу керек. Сондай-ақ соғыс жаудың территориясында болуына қол жеткізудің өзіндік маңызы бар.
Үшінші айла: Біреудің пышағын қарызға алып адам өлтіру айласы — Басқалардың қолымен адам өлтіру. Өз күшіңді ысырап етпей, өзгелерді жауыңа қарсы салып, басқалардың күші арқылы жеңіске жету.
Төртінші айла: Жауды жұмыс істетіп дем алу айласы — Қаталдық пен жұмсақтықты алма-кезек қолданып, жауды титықтатып құрту; Бұл айла бойынша қоршауға түскен жау қорғанамын деп қуатын сарқиды, сөйтіп күштіден әлсірейді. Сол орайда күшейіп, ырықсыз күйді жеңу керек, бірақ бірден шабуылға өтпей жаудың өз-өзінен күйреуін күту керек. Бұл жауды шаршатып, өз қуатын арттырып жеңіске жету айласы есептеледі.
Бесінші айла: Топалаңда тоқаш ұрлау айласы — жауың бір бәлеге ұрынып, қатты қиыншылыққа ұшырағанда орайды қалт жібермей мақсатыңа жету. Жығылған кезде жұдырықтап үлгеру, ес жидырмай соққылау. Жауға ешқашанда жанашырлық танытпау.
Алтыншы айла: Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру айласы — Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру. Бетіне күліп, құшақтап тұрып, арқадан пышақ ұру. Оңнан былай, солдан алай шығу, сөйтіп жауыңды қаймықтыру, есін шығару, алдап торға түсіру; "Соғыс деген қулық дегендік. Қабілетті болып тұрып қабілетсіз көрінуің керек. Қолданып тұрып қолданбағандай болуың керек. Жақын тұрып алыс көрінуің керек. Алыс тұрып жақын көрінуің керек." — Сұн зы
Екінші тарау: Жаумен байланысу айлалары Жетінші айла: Жоқтан бар жасау айласы — жалғанды расқа айналдыру; ашық-әшкере көрініп, жалған көрініс жасап, жаудың күдігін арттырып, сасқалақтаған сәтте бас салу.
Сегізінші айла: Көрнеуде жол жасап, көмескіде көпірден өту айласы — жаудың ішіне кіріп, алып, ішінен ыдырату, жалған өсек тарату, бірін біріне айдап салу;
Тоғызыншы айла: Қарсы жағада өртті тамашалау айласы — Егер жаудың ішінде алауыздық өршіген кезде жауға соққы берсең, олар алауыздықты тастап, саған қарсы біріге бастайды. Сондықтан алауыздық туылғанда одан алыстау керек, сонда алауыздық асқынып жау быт-шыт болады.
Оныншы айла: Күлкінің артына пышақ жасыру айласы — орай келмеген кезде барынша ақкөңіл, бейшара, аңқау, сабырлы болу, бірақ құпия түрде барлық әзірлікті толассыз жасау, жағдай пысып жетілгенде арыстандай айбаттанып шыға келу;
Он бірінші айла: Бір ағаштың амандығы үшін екінші ағашты кесу айласы — зиянды, жеңілісті, сәтсіздікті, жамандықты пайдаға айналдыра білу, жамандықтың, зиянның, өз қателігіңнің бойынан жақсылық пен пайда қарастыру;
thumb|right|200px|Соғыс ғылымын ең алғаш жүйелі зерттеген, әйгілі «Сұн ұстаздың Соғыс өнері» кітабының авторы, ежелгі қытай ойшылы Сұн Зы Он екінші айла: Ебің келсе ешкі жетелеу айласы — Ілік іздеу, азырақ тесік болса соның кеңейуіне, азырақ жыртық болса соның дал-дұл болып жыртылуына қол жеткізу. Жаудың азырақ қателігінен толық пайдалану, ине өткен жерден жіп өткізу
Үшінші тарау: Шабуыл айлалары Он үшінші айла: Сабанды сабалап жыланды шошыту айласы — жауды толық барлап, бақылап алмай іске кіріспеу, күдікті нәрселерді абайлау, қақпан басудан сақтану, әр қадамды сенімді аттау;
Он төртінші айла: Өлікті тірілту айласы — Пайдалыны тізгіндей алмасаң пайдаланба (беліңе көтере алмайтын шоқпар байлама), Пайдасызды қолдануға шамаң келсе пайдалан, егер пайдасызды тізгіндей білсең, басқаларды да тізгіндей білесің. Пайдасыздан пайдалы жасаудың жолын білу керек.
Он бесінші айла: Жолбарысты таудан түсіру айласы — Жауды үрейлендіру арқылы өздігінен алдыңа келуіне қол жеткізу. Қорыққанға қос көрінеді дегенді толық кәдеге жарату. Жолбарысты тауынан айырсаң оны соғып алу оңай.
Он алтыншы айла: Ұстау үшін босату айласы — Жауды қашырсаң, онда оны титықтатып қу, бірақ қайта шабуға мәжбүрлеме (қайта шапқан жау жаман), жаудың қуатын сарқуға, шаршатуға тырыс, тірегін бұз, сүйенішін құлат, бірақ берілуге орай қалдыр, сөйтіп барар жер, басар тауы қалмағанда сені жақтайтын, бағынатын болады.
Он жетінші айла: Кірпішке гаухар айырбастау айласы — ебін тапсаң, мысты алтын деп, кірпішті гауһар деп жауыңды алдауға болады.
Он сегізінші айла: Басшысын құртып бассыз қалтыру айласы — Жауыңның негізгі күшін күйреткенде ғана, басшысын ұстағанда ғана, тірегін құлатқанда ғана, күшін тонағанда ғана, рухын жаншығанда ғана жеңдім деп есепте
Төртінші тарау: Солақай айлалар Он тоғызыншы айла: Отты отыннан айыру айласы — Күшің жетпесе, жауды ерегестірмей жұмсақ айланы қолдан. Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді. Бірден қатты күшке салу жеңісті алысты қиындатып, табысты ауырлатып жібереді. Жаудың негізгі күшімен айқаспай, оның тірегімен, сүйенішімен айқасу, азық-түлік, қазына-мүлік, қару-жарақ, дос-жаран секілділерін қолға келтіруге, бүлдіруге кірісу
Жиырманшы айла: Суды шалпылдатып балық ұстау айласы — жауды ұлғайтпауға, жөргегінде тұншықтыруға, әлсіз кезінде ойрандауға, әсіресе жау қалаймақан болғанда, ішкі қайшылығы асқынып аласапыран болғанда басып алуға тырысу керек. Ондай жағдайда олардың бірбүтін жүйелі қарсылығы болмайды, бірін бірі құртады. ("Жіңішкені үзуге, жұқаны бүктеу оңай, ал жіңішке жуандаса, жұқа қалыңдаса оны үзу мен бүктеу қиын!" Тоныкөк ескерткіші);
"Өзіңді де, жауыңды да бірдей білсең, жүздеген соғыста жеңілмейсің. Өзіңді ғана біліп жауыңды білмесең бір жеңіп, бір жеңілесің. Өзіңді де, жауыңды да білмесең онда жүздеген соғыста түгел жеңілесің." — Сұн зы жиырма бірінші айла:Қабығыңа алтын жалату айласы — Салтанатты, керемет көрініс жасап жауды сескендіруге, назарын басқаға аударуға, шошытуға, үрейлендіруге, өздігінен келісім жасауға мәжбүр етуге болады. Жауды жылтырақ нәрсемен алдап апанынан шығаруға, жылтыр нәрселермен есін шығарып, сатқындарын сатып алуға болады. Адамдар көргеніне сенеді. Көргені керемет болса жүрегі сескенеді, абыржиды, алаңдайды. Бұл қазақтың "Бөрі арығын білдірмей жүнін қампитады" деген мақалына жақын келеді.
Жиырма екінші айла: Есікті бекітіп ұрыны қамау айласы — Егер жауды қуғанда оған қашып құтылу орайын қалдырсаң, онда ол сол орайға жету үшін жанын салып күресетін болады. Егер оған еш қашып құтылу жолын қалдырмасаң, онда ол ұсталады. Сондықтан жауға жау қосылмасын десең жауды қоршап, қаумалап, шашау шығармай бағындыруға тырысу керек, Егер сөйте алсаң онда оны қоя бере сал.