Қонысшағыл, Қонысшағала – Бұлдырты алабындағы өзен, осы өзеннің тармағы.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 45 км, шағын 4 саласы бар.
Бастауы Бастауын Бұлдырты ауылынан жоғарыда 10 км жерде Бұлдырты өзенінің сол жағалауынан бөлініп шығып, Қарақұдық қыстауының солтүстік-батысында осы өзенге қайтадан құяды.
Гидрологиясы Өзен арнасы негізінен жазық өңірмен ағады, жағалауы жазық. Жоғарғы ағысында арнасында суы жыл бойы тұрақты болады, орта және төменгі ағысында жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауында бірнеше қыстау орналасқан.Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері