Альфред Никола Рамбо (; 2. 7. 1842, Безансон,—10. 11. 1905, Париж) — француз тарихшысы, мемлекет қайраткері. Моральдық және саяси ғылымдар академиясының мүшесі (1897). 1881 жылдан Сорбонна университетінің профессоры.
1895—1903 ж. сенатор, 1896—98 ж. халық ағарту министрі. Дипломатиялық миссиямен бірнеше рет Ресейде болды (негізінен Византияның, Ресейдің, Германияның саяси тарихы мен халықаралық қатынас тарихы мәселелеріне ерекше назар аударды). Рамбо өзінің негізгі еңбектерін Ресейдің тарихына арнады (бірегей буржуазиялық либерализм тұрғысында жазды). Э. Лависс пен Рамбоның бірігіп редакциялауымен «IV жүз жылдықтан біздің заманымызға дейінгі жалпы тарих» атты көп томдық коллективтік еңбек жарық көрді (1— 12-т., 1893—1901).Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Еңбектері
L'Empire grec au X siècle, 1870 Le Monde byzantin ; le sport et l'hippodrome, 1871 La Domination française en Allemagne ; les Français sur le Rhin, 1873 L'Allemagne sous Napoleon, 1874 La Russie épique, 1876 Français et Russes, Moscou et Sévastopol, 1876 Histoire de la Russie depuis les origines jusqu'à l'année 1877, 1878 Histoire de la civilisation française, 1885 Expansion de l'Angleterre, 1885 Histoire de la civilisation contemporaine en France, 1888 Instructions données aux ambassadeurs, 1890 Histoire générale du IV siècle jusqu'à nos jours, 12 vol., 1891-1900 Russes et Prussiens, guerre de Sept Ans, 1895 Jules Ferry, 1903
Дереккөздер
Санат:Франция тарихшылары Санат:Академиктер Санат:Профессорлар Санат:Франция саясаткерлері