Жобалай бидің кесенесі – Жобалай Бәйсейітұлына тұрғызылған, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылынан батысқа қарай 18 километр жерде орналасқан. Кесенеге тапсырыс берген және салған шебер белгісіз. Кесене 1989 ж. зерттелген. Дөңгелек түрінде өзекті үлгімен тұрғызылған, кесененің негізі біртіндеп күмбезбен жалғасқан. Аласа етіп, батыс жаққа бағытталған кірер есік тас тақтамен көмкерілген. Бір метрге жуық биіктетіп, бұрыш пен өзек ретінде жасалған тесіктер бар. Қабір қазылған жердің орны байқалмайды. Күмбезге шикі кірпіш пен лай ерітіндісі пайдаланылған. Күмбездің көлемдік мөлшері: биіктігі 3,3, негізінің қимасы 5,0, қабырғаларының қалыңдығы 0,5 метр, жалпы көлемі 46 текше метр. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының «Аягөз» энциклопедиясы.1 том.«Көркем» баспасы, Алматы -2010 жыл.

Кесене сипаты Дөңгелек пішінді, өзекті үлгіде тұрғызылған кесененің негізі біртіндеп күмбезге ұласады. Кіреберіс есігі төмен орналасқан және шығысқа бағытталған, тас тақтамен безендірілген. Қабірдің нақты орны байқалмайды. Күмбезді тұрғызу кезінде шикі кірпіш пен саз ерітіндісі пайдаланылған. Күмбездің биіктігі – 3,3 м, негізінің диаметрі – 5 м, қабырғасының қалыңдығы – 0,5 м, жалпы көлемі – 46 текше метр. 2000 жылдың жазында би ұрпақтары мен Мәдениет ауылының тұрғындарының қатысуымен кесенеге жаңа күмбез тұрғызылып, силикат кірпішпен қапталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Шығыс Қазақстан облысы