Қашқын: Б жоспары - атыс-шабыс жанрндағы Оңтүстік Кореяның телехикаясы. Фильм KBS2 арнасының тапсырысымен түсірілген. Түсірілім Сеулде, Пусанда, Токио, Осака, Йокогама, Шанхай, Пекин, Макао және Гонконгта жүрген. Басты рөлдерде Дэниэл Хенни Ли Чжон Чжин Ли На Ён Рэйн Ким Су Хён Сон Дон Иль Сон Чжэ Хо Ли Чжон Хёк Юн Чжин Со Сон Ха Юн Қызықты мәліметтер Хван есімді қылмыскер профессор әйелді ойнаған актриса сериал түсіріліп жатқан кезде жол апатына ұшырайды. Сол үшін сценаристтер оның кейіпкерін 12-шы серияда атып кеткен деп көрсетеді. Кейін, сериалдың соңына қарай ол актрисаның жағдайы жақсарып, сериалда түсірілімін қайта жалғастырған болатын (19-шы серия). Ол кезде сериал режиссері: «Сериалдың атына сай, өкінішті жол апаты салдарынан, біздің де кенеттен Б жоспарын ойластырып, сюжетті соған қарай бейімдеуімізге тура келді» деген болатын. Фильмдегі басты саундтрек Running and Running әнін Рэйннің «шәкірттері» MBLAQ тобы орындайды. Көп жылдар бойы корей сериалдарында көрінбеген актриса мен актерлар бұл сериалға түсуге келісімдерін беріп, түскен болатын. Мысалға: Рэйн үшін бұл соңғы 5 жылдағы бірінші сериал болды, басты рөлдегі актриса үшін соңғы 6 жылдағы бірінші сериалы, Кай рөлінде ойнаған Дэниел соңғы 4 жылда корей драмаларында ойнамаған болатын. Ал профессор Хван рөлін ойнаған актриса тіптен Fugitive драмаға дейін көп жыл бойы Жапон елінде ғана түсіп жүрді. Келісімшарт бойынша Рэйнге әрбір серия үшін 46,5 мың (1 $ = 1079 won) доллардай ақы төленуі керек болатын. Сериал біткен кезде, сериал түсірген компания жалақыны уақытысында төлемегені үшін Рэйнге 300 мың доллардай ақша қарыз болды. Өкініштісі, сериалдың рейтингі Кореяда төмен болды. Бірінші сериясы көрсетілген кезде 21,7 болса, соңғы сериясында рейтингі 12,7-ке дейін түсіп қалады. Саундтрек 01. Running & Running – MBLAQ 02. Saranggateun geon mitji – Shim Seung Hoon 03. Chaos A.D. – (4minute) 04. Poison – Jea 05. Mayday – (Oran-G) 06. Crazy Bounce 07. Gun Likes A Girl 08. Gloria 09. Dragon Of China 10. Jaetbit Noeul 11. Break Out 12. I Like To Move It 13. Bullet Dance 14. Chunkukeuroee pyeondo 15. Born To Run 16. No More Cigarette 17. Unlimited
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер The Fugitive official KBS website
Санат:Оңтүстік Корея телесериалдары