Мыңтөбе – Атырау облысының оңтүстік-батысын ала орналасқан құм.
Географиялық орны мен жер бедері Құрманғазы және Исатай аудандарының оңтүстігінде. Атырау–Астрахан темір жолын бойлай 60 км-ге жуық жерге созылып жатыр. Ені 25–30 км. Бедері қырқалы-шағылды келеді.
Климаты Климаты қуаң, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы -10°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдык мөлшері 190 мм, ыза суы 1,5–2 м тереңдіктен кездеседі.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Қуаң, кұмды жерге бейімделген өсімдіктер өседі. Ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ т. б. кездеседі. Мал қыстатылады.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан шөлдері Санат:Атырау облысы құмдары