Қарғалы аралы - Есіл өзенінің алғашқы жайлымасындағы террасада жатқан көне сай.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Аумағы 247,6 га, оның 153,2 га-сын орман алып жатыр.

Өсімдігі Орманда қарағай, қайың, бұталы өсімдіктер тұқымдасынан дала шиесі, мойыл, долана өседі. Реликт өсімдіктерден дөңгелек жапырақты нәк, саран лаласы, мысықтабан, т.б. кездеседі.

Қолданысы Есілдің көрікті қарағайлы-қайыңды орман өңірі жыл бойы дем алуға қолайлы. Қарғалы аралында оқушылар лагері мен демалыс орны бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Қазақстан облысы географиясы