Қотыржал тауы – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 772 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 1 км.

Жер бедері Тік келген беткейлері тілімденіп, эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Қосшоқы таулары, батысында Ақсай, шығысында Қорған, оңтүстігінде Сауғабай қыстаулары жатыр.

Өсімдігі Тауалдының қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас астық тұқымдас шөптесіндер, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары