Киклад () — Эгей теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан архипелаг. 200-ден астам аралдан тұрады. Жалпы ауданы 2649 км². Ірі аралдары: Наксос, Андрос, Тинос. Киклад – материктік аралдар, Балқан және Кіші Азия түбектерін теңіз астымен жалғастыратын табалдырық бөлігі. Негізінен кристалл және әктас жыныстарынан құралған. Киклад аралының биік нүктесі 1008 метр. Жер сілкінуі жиі болып тұрады.

Санат:Киклад аралдары