Молбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2012 жылы Қазығұрт ауылының құрамына енгізілген.Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт және Шарбұлақ ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Географиялық орны Аудан орталығы - Қазығұрт ауылының солтүстігімен іргелес орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1600 адам (809 ер адам және 791 әйел адам) болса, 2009 жылы 2097 адамды (1055 ер адам және 1042 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1962–96 жылдары қой өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде ӨК және шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданының таратылған елді мекендері