Қызылтас – Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылының оңтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1108 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі тіктеу, жартасты келген. Солтүстік-шығысында Ляпунов шоқысы, оңтүстігінде Холодная Сопка (Суықшоқы), оңтүстік-шығысында Серебряная (Күмісті), оңтүстік-батысында Қараала таулары орналасқан.

Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы девон дәуірінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, қызғылт селеу, итмұрын, тобылғы, ешкісабақ, қараған, өзен арналарында қарағай, қайың, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы таулары