Қызылтау – Арғанаты тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Терісаққан ауылынан (Ұлытау) 25 жерде орналасқан. Терісаққан өзені аңғарында.
Геологиялық құрылымы Силурдың интрузивтік жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 492 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доға тәріздес созылған таудың ұзындығы 18 км шамасында. Енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу келген көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Оңтүстігінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр карбонатты топырақ жамылғысында жусан, селеу, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары