Айсұлу Абдуллақызы Тайжан (1946 жыл 23 маусым, Алматы) — медицина ғылымдарының докторы (1984), профессор (1995).. Болатхан Құлжанұлы Тайжанның жұбайы
Еңбек жолы 1969 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және 1974 жылы КСРО Педиатрия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген; 1974-1978 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер; бөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор қызметін атқарады; 2001 жылдан ҚазҰПУ-дың арнайы педагогика кафедрасында профессор.
Ғылыми еңбектері «Жаңа туған және толық жетілмеген балаларда перинатальды энцефалопатияның патогендік негізі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады; 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан ғалымдары