Спақұл Малдыбеков (10.12.1928, Ордабасы ауданы Ақбұлақ ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты. 20 жылдай Қызылқұм, Келес және Жетісай аудандарының ауданы партия комитеттеріне басшылық жасады. Созақ ауданында қаракөл қой шаруашылығытарын ұйымдастырып, оны өрге бастыруға көп үлес қосты. «Республикаға еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері», Созақ, Сарыағаш, Жетісай аудандарының құрметті азаматы. Ленин, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, 8 медальмен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары