Юозас Мильтинис (; 1907 — 1994) — литван кеңес режиссері, актер, КСРО халық артисі (1973).
1931 ж. Каунас театры жанындағы студияны бітірді. 1932-38 ж. театр мен кино өнері бойынша Францияда және Ұлыбританияда сабақ алды; Париж театрында (Ш. Дюленнің театрында) қызмет етті. 1939 жылдан театр студиясын (Каунас) басқарды. 1940-54 және 1959 жылдар осы студия негізінде құрылған Паневежис драма театрының бас режиссері. 1940 жылдан театр жанындағы студияда педагогикалық қызметпен шұғылданады. Шәкірттері: Д. Банионис, Б. Бабкаускас т.б. Бен Джонсонның «Вольпонесі» (1941, 1971), А. Миллердің «Коммивояжердің қазасы» (1958), У. Шекспирдің «Макбеті» (1961), Ф. Дюренматтың «Франк V-сі» (1969), А. Стриндбергтің «Өлім биі» (1973) сияқты спектакльдермен қатар фильмдерді де («Неман таңы») қойды. Литван КСР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты (1965). Ленин орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Литва актерлері