нобай «Ла-Сиота вокзалына пойыздың келуі» () — 1896 жылы Люмьер ағайындылар түсірген документалды қысқа метражды фильм. Бұл фильм Люмьерлердің ең әйгілі жұмысы болып есептеледі.
1896 жылы ағайынды Люмьерлердің «Ла-Сиота вокзалына пойыздың келуі» атты туындысы әлем бойынша алғашқы кино болып танылды. Кино ұзақтығы - шамамен 1 минут. Фильмде келген пойыздан түскен адамдардың жан-жаққа кетуі мен күтіп тұрған жандардың пойызға мініп, өз орындарына жайғасуы көрсетіледі. Фильм сюжеті өте қарапайым. Пойыздың платформаға жақындауы - таңдай қағып, таңқаларлық ғажап дүние емес. Алайда XІX ғасырдың соңында өздеріне қарай келе жатқан пойызды көрген көрермендер естерінен танған. 2020 жылы B&W классикалық фильмінің жетілдірілген және жаңғыртылған нұсқасы жасалды: Поездің La Ciotat-қа келуі, Лумиьер бауырлар, 1896 ж. 4K ажыратымдылығымен және 60 кадр / с жылдамдықпен.
Сыртқы сілтемелер
«Ла-Сиота вокзалына пойыздың келуі» фильмін YouTube.com сайтында көру Люмьер институтының сайты L’Arrivée d’un train en gare de La Ciotat: An Attempt at Interpretation
Санат:Кинематограф Санат:1896 жыл