Серджио Маттарелла (; 23 шілде 1941, Палермо, Сицилия) — итальяндық саясаткер, заңгер , 2 ақпан 2015 жылдан бастап Италияның президенті. Ол Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған президенті. 2023 жылы Джорджо Наполитано қайтыс болғаннан кейін Маттарелла Италияның қазіргі уақытта тірі жалғыз президенті .
Италияның конституциялық сотының мүшесі (2011-2015), Италияның қорғаныс министрі (1999-2001), Премьер-министрдің орынбасары (1998-1999), Білім министрі (1989-1990), Парламенттік қатынастар министрі (1987–1989) жұмысын атқарды.
Өмірбаяны 1941 жылы 23 маусымда Палермо қаласында туған. Әкесі – Бернардо Маттарелла (1905-1971). Шешесі – Мария Буччеллато.
Жастық шағында Маттарелла әкесінің саяси қызметіне байланысты Римге көшті. Римде ол ірі католиктік зайырлы бірлестік — Azione Cattolica (AC) ұйымына мүше болып, 1961–1964 жылдары Лацио өңірі бойынша аймақтық төраға қызметін атқарды. Istituto San Leone Magno классикалық лицейінде білім алғаннан кейін, Римдегі Ла Сапиенца университетінде Құқықтану мамандығы бойынша оқуға түсті.
1964 жылы құқықтану мамандығы бойынша Римдегі Ла Сапиенца университетін бітірді. 1965 жылдан бастап Палермо университетінде конституциялық құқықтан сабақ берді, ал 1967 жылы Палермодағы адвокаттар алқасына қабылданды.
1966 жылы Маттарелла Мариза Кьяццезеге үйленді. Олардың үш баласы бар: Лаура, Франческо және Бернардо.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер 73 жастағы Серджио Маттарелла Италияның жаңа президенті болып сайланды
Санат:1941 жылы туғандар Санат:Италия президенттері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Достық орденінің иегерлері