Халықаралық кооперативті банкі (ХКБ) (Internationa Cooperative bank, INGABA) - халықаралық кооператив одағының мүшесі. Кооператив қоғамы мен көтерме сауда одағы (Швеция) және Орт.кооператив банкінің (Швейцария) бастамасыен 1957 ж. Базельде (Швейцария) құрылған. Банкінің акционерлері 20 елдің 57 кооператив ұйымы. 1965 ж. АҚ болып қайта құрылды. Банк қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - тиісті кооператив ұйымдарына төменгі пайыз мөлшерлемесімен қарыз беру, кооператив ұйымдары үшін несие жөнінде артықшылықтарды қамтамасыз ету, дивидендтерді бөлудің тиісті жүйесін айқындау, кооператив банкілері үшін статистикалық деректердің біріңғай жүйесін әзірлеу, тиісті халықаралық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты дамыту, валюта мәселелері бойынша тиісті мамандардың кеңестерін өткізу, т.б. Банкінің жоғары органы - ХКБ-нің Бас ассамблеясы. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Халықаралық кооперативті банкі · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.