Мысльбек (Myslbek) Йосеф Вацлав (20. 6. 1848–2. 6. 1922) – чех мүсіншісі. Жаңа дәуірдегі чех реалистік мүсін өнері мектебінің негізін салушы. Мысльбек шығармалары шебер жасалуымен және образ айқындығымен ерекшеленді. Табор қаласындағы Я. Жижка ескерткіші жобасының (19 ғ-дың 70 жылдары), Прага Ұлттық театр ғимаратындағы және Палацкий көпіріндегі топтама мен сәндік фигуралардың (19 ғ-дың 80–90 жылдары), Прагадағы Вацлав князьға тұрғызылған ескерткіштің (1913 ж. ашылды), көптеген мүсіндік портреттердің авторы болып келеді.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Мысльбек Йосеф Вацлав · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.