Оңды — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Оңды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орналасуы Аудан орталығы – Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының оңтүстік баурайында, шөл белдемінде орналасқан.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 706 988 825

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде “Екпінді” және “Ақырап” ұжымшарларын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1978–1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болды. Бұрынғы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Тарихи ескерткіштер Оңды аймағында Қамысбай, Ақүйік, Бекі, Олжаның қызы, Есен-Ата сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

Мәдениет саласы Оңды ауылы тұрғындарына бүгінде бір мәдениет үйі, екі кітапхана мәдени қызмет көрсетіп тұр. Онды ауылы кітапханасында кітап қоры 8123 кітап.

Транспорты Бүгінгі таңда аудан, облыс орталығымен жолаушы тасымалы тұрақты қалыптасқан.

Денсаулық сақтау саласы Ауылда халыққа дәрігерлік қызмет көрсететін ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасап келеді.

Әйгілі тумалары Әбіш Кекілбайұлы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері