Сейш (франц. Seiche) – су айдындарында (теңіз, көл, шығанақ, бұғаз) көбіне ұзақ уақытқа (бірнеше мин-тан ондаған сағ-қа дейін) сақталып тұратын толқын. Сейіп–сыртқы күш (атмосфера қысымының, желдің, сейсмикалық құбылыстар тағы басқа күрт өзгеруінен) және айдын жағасынан серпіліп кері қайтқан толқын әсерінен пайда болды. Сейіп кезінде бір немесе бірнеше тура бағытта бүкіл айдын массасында деңгейі өзгермейтін,түйін немесе түйіндік сызық деп аталатын толқу қозғалыстары жүреді. Сейіп амплитудалары бірнеше мм-ден бірнеше м-лік болады. Мыс., Женева көлінде сейіп амплитудасы 2 м, сақталу ұзақтығы 1 сағ, Алжир қойнауында 1 м және 1 мин, Азов теңізінде 10–25 см, 23 сағ болды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев