Ричмондтағы Будда ғибадатханасы - Қытай сарайының үлгісінде салынған буддалық монастырь. Ғибадатхананың Ванкувер қаласында 10 мыңға жуық мүшесі және ондаған сопылары бар. Ғибадатханада жылдың кез келген мезгілінде әртүрлі мейрамдар тұрақты түрде атап өтіледі. Ғибадатхана Ричмондтың нөмірі 5-ші жолының бойында орналасқан. Бұл жолдың бойында басқа да жергілікті ғибадатханалар, шіркеулер, мешіттер және олардың жанынан ашылған мектептер бар. Осы себепті бұл жол «Ричмондтың жұмаққа апаратын жолы» деп аталып кеткен.
Ғибадатхана - осы жердегі аздаған діни мекемелердің бірі. Ғибадатхананың айналасын жасыл желек жапқан. Онда үлкен алма және алмұрт ағаштары отырғызылған бау-бақша да бар. Жаңадан бой көтерген ғимараттардың арасында сопылар мен әйел қызметшілерге арналған жатақханалар көп. Кейінірек Будда ғибадатханасының ішіне биіктігі 30 метрге жететін, алтын жалатылған Будда мүсіні орнатылған жаңа зал салынды.
Залдың биіктігі 42 метрді құрайды. 1999 жылы негізі қаланған Ричмондтағы Будда ғибадатханасы Қытайдың дәстүрлі сарайына ұқсатып салынған Будданың туған күні мен Қытайдың жаңа жылын атап өту кезінде ғибадатхананың айналасына арнайы 1000 шырақ орнатылады. Оңтүстік және Солтүстік Америкадағы ең үлкен Будда ғибадатханасының осы қалада салынуының себебі осында. Ричмонд қаласында негізінен Жапония, Қытай және Тайваньнан келген халықтар тұрады. Канаданың басқа қалаларымен салыстырғанда Ричмонд қаласы ерекше ұлттық дәстүрімен және халқының мінез-құлқының өзгешелігімен ерекшеленіп тұрады. Бұл жерге тәу етіп келушілер саны күн санап көбейе түскендіктен ғибадатхананың аумағын төрт есе ұлғайту жоспарланған.Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Дереккөздер