Вилли Евсеев (; 14 ақпан 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/80060, Теміртау, Қазақстан) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Өмірбаяны 1992 жылы, 14 ақпанда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Виллидің бала күнінде ата-анасы Теміртаудан Германияға қоныс аударған. Футболмен сол жақта айналыса бастаған. Карьерасы «Ганновер 96» клубының төл шәкірті. 2010-2013 жылдар аралығында осы клубтың жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті.
Футболшыны 2011 жылы Аустрияның «Винер Нойштадт» клубы жалға алады. Германия клубында шебер футболшылар көп болғандықтан Аустрияда тәжірибе жинап келуге «Ганновер» клубының бас бапкері Мирко Сломканың өзі ақыл қосады. Ол Аустрияда 2011-2012 жылдары 20 ойын өткізген.
Ал 2013/14 жылғы маусым алдында «Вольфсург» командасы талантты жас футболшыны өздеріне шақырады. Бұл команда сапында Бундеслигдағы дебютін Бременнің «Вердеріне» қарсы өткізді. Одан кейін «Фрайбург», «Шальке 04» сондай-ақ, Германия кубогы жолындағы жарыста «Ингольштадт» клубтарына қарсы кездесулерге қатысты. Үш кездесуде екі гол соғатын пас берген. 2013/2014 «Вольфсбургтің» қосалқы құрамында ойнаған. Фарм клубында 16 ойынға қатысып, 8 доп соққан. Дереккөздер
Сілтемелер Профиль сайты soccer.ru
Санат:Германия футболшылары Санат:Ганновер 96 ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Ганза ФК ойыншылары