Тён Адрианус ван Дейк (нидерл. Teun Adrianus Van Dijk) (1943 жылы 7 мамырда Налдвейкте, немістер басып алған Нидерландта туған) — мәтін лингвистикасы, дискурс талдауы және критикалық дискурс талдауы (CDA) салаларындағы ғалым. СМИ тілдерін зерттеумен айналысады. 250 мақаланың және шамамен 60 монографияның авторы.
Ол Уолтер Кинчпен бірге мәтінді өңдеу психологиясының дамуына үлес қосты. 1980-жылдардан бастап оның CDA саласындағы еңбектері өзі «символдық элита» (саясаткерлер, журналистер, ғалымдар, жазушылар) деп атаған топтардың нәсілшілдікті дискурста қайта жаңғыртуын, баспасөздегі жаңалықтарды зерттеуге және идеология, контекст пен білім теорияларына бағытталды.
Ол бес халықаралық журналдың негізін қалады: Poetics, Text (қазіргі атауы Text & Talk), Discourse & Society, Discourse Studies, Discourse & Communication. Соңғы үшеуінің редакторы қызметін әлі де атқарады.
Тён А. ван Дейк 1968 жылдан 2004 жылға дейін Амстердам университетінде дискурс зерттеулері профессоры болды, ал 1999 жылдан бастап Барселонадағы Помпэу Фабра университетінде дәріс береді. 2017 жылы Барселонада Дискурс зерттеулері орталығын құрды.
Ол халықаралық деңгейде, әсіресе Латын Америкасында жиі дәріс оқыды.
Еңбектері Мәтін граматикасының кейбір бөліктері(1972). Мәтін және мәнмәтін(1977). Макроқұрылым(1980). Дискус стратегиясын қабылдау (1983,В. Кинчем көмегімен)
Санат:Профессорлар