Қостанай облысы — Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Облыс орталығы – Қостанай қаласы. Жер аумағы 196 мың км².Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Географиялық орны Қостанай облысы солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.

Рельефі Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физикалық-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400 м); солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м) оңтүстік бөлігін; оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м); қиыр оңтүстік-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңісетене келіп, солтүстігінде Золотая сопка (Алтыншоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңтүстік жағында жекелеген шоқылар (Жетіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі.

Батыс Сібір ойпатының оңтүстігін көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алыпжатыр.

Облыстың оңтүстігіндегі Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мол, Солтүстік Торғай жазығы (Құсмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімделген Торғай үстіртінің орта бөлігін қамтыған. Мұндағы суайрықтарда Қарғалытау (310 м), Теке (262 м), Қызбелтау (219 м) және Сарыадыр (360 м) төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік-батысында Қоңыртау таулары орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңтүстік Торғай жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерімен тілімделген.

Облыс аумағының бір ерекшелігі - оның қиыр оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы 700 км Торғай қолаты жатыр.

Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы 397 м), Көкшетау (478 м!, Қайыңдышоқы (569 м), т.б. көптеген тау шоқылары кездеседі.

Ұлы Жыланшық пен Қараторғай өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр.

Кен байлықтары Қостанай облысы кен байлықтарына өте бай. Мұнда магнетиттік және оолиттік темір кендерінің, бокситтің, алтынның, никельдің, асбестің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдарының (цементтің, флюстік әктастың), доломиттің, отқа төзімді балшықтың, қыш және кірпіш балшықтарының, әйнектік құмның, граниттің, диориттің, құмтастың, т.б. мол қоры бар.

Климаты Облыс климаты тым континеттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -18-19°С, оңтүстігінде -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады.

Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді.

Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады.

Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.

Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 м/с-тан, оңтүстігінде 5-6 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.

Топырағы Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан: солтүстік жағын қара топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр; қара және қоңыр қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған.

Белдемдері Қостанай облысының солтүстік жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 жылы мемлекеттік қорық (Наурызым қорығы) ұйымдастырылған.

Жануарлар дүниесі Облыстың жануарлар дүниесі әр түрлі. Жыртқыш аңдардан - қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен жиі кездеседі. Ақ қоян, ор қоян, құм тышқаны, сарышұнақ, аламан тышқаны, қосаяқ секілді кеміргіштер көп тараған. Орманды дала белдемінде елік, оңтүстіктің шөлейтті жерлерінде ақбөкендер жайылады. Облыста құстардың да сан алуан түрлері мекендейді.

Су торабы солға|сүрмесіз|320x320 нүкте Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің алабына жатады. Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер (Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды) бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан алады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен, Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды, Сабасалды, т.б.) алады.

Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзені алабынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзені Жақсы Ақкөлге құяды.

Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдер Солтүстік Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында (Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз, т.б.), облыстың солтүстік-шығысында (Қойбағар, Алабота, Тімтуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта, т.б.), солтүстік-батысында (Шұбаркөл, Сасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.), Солтүстік Торғай жазығында (Шыбындысор, Айқамыс, Қарасор мен Тентексор көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңтүстігінде (Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Ақкөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдердің (Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік және курорттық маңызы бар.

Тобыл мен Торғай өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суғару жүйелері салынған. Олар Тобыл өзені мен оның салаларында Жайылма, Жоғары Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өзенінде Албарбөгет суғару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзеніндегі көлдетіп суғару жүйесі, т.б.

Жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар. Олар мезо-кайназойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.

Халқы Тұрғыны 886,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 4,5 адамнан келеді (2010).

Облыста 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде 34,9% қазақтар, 41,2% - орыстар, 11,9% - украиналықтар, 3,8% - немістер, қалған 8,2% - басқа ұлттар (2008).

Қостанай облысы халқының саныҚазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012:

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007 984 551 1 084 383 1 220 750 1 017 729 919 558 913 435 907 396 903 178 900 333

2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015894 192 886 328 883 333 881 544 879 454 879 941 880 776 881 456

Елді мекендері мен аудандары thumb|right|200px|Қостанай қаласының орталығы thumb|right|200px|Жітіқара қаласының орталығы

Қостанай облысы құрамында 5 қала (Арқалық, Лисаковск, Рудный, Қостанай), 13 кент, 16 аудан бар, 808 ауылдық мекендер бар (2010).

+ Халқының саны (2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Облыс аудандары мен қалалары Орталығы Жер аумағы, км² 2021 Алтынсарин ауданы Обаған ауылы 6 448 12625 Амангелді ауданы Амангелді ауылы 22 510 13 707 Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы 11 100 35 648 Жангелді ауданы Торғай ауылы 37 596 11 077 Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы 7 312 42 432 Қамысты ауданы Қамысты ауылы 12 056 10 949 Қарабалық ауданы Қарабалық кенті 6 862 24 839 Қарасу ауданы Қарасу ауылы 12 782 21 167 Қостанай ауданы Тобыл қаласы 7 442 79 923 Меңдіқара ауданы Боровской ауылы 6 618 22 547 Науырзым ауданы Қарамеңді ауылы 15 198 9 512 Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті 6 116 18 086 Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылы 7 610 23 615 Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылы 7 157 15 694 Фёдоров ауданы Фёдоровка ауылы 7 210 24 214 Арқалық қаласы 15 887 39 210 Лисаковск қаласы 145 31 748 Рудный қаласы 193 124 046 Қостанай қаласы 281 268 990

Экономикалық және инвестициялық әлеует Қостанай облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірі болып табылады.

Облыс айтарлықтай экономикалық, өнеркәсіптік әлеуетке, тауарлар мен қызметтерді өткізудің үлкен нарығына, дамыған инфрақұрылымға, жоғары білікті кадрларға ие.

Қолайлы іскерлік климаттың маңызды факторы дамушы экономика болып табылады: облыстың жалпы өңірлік өнімі соңғы 10 жылда 5 есеге артты.

Қостанай облысының негізгі Өңірлік өнімдері темір өнімдері, алюминий кені, асбест, ұн, ауыл шаруашылығы өнімдері, кондитерлік өнімдер және көлік құралдары болып табылады.

Облыста республиканың темір жол өнімдерінің 90% - дан астамы, темір кенді шекемтастар мен асбест 100% өндіріледі.

Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындарының сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы 80 мемлекетті қамтиды.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2019 жылы 2 276,2 млн. АҚШ долл.құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға өсті (2 011,0 млн. АҚШ).

Өнім негізінен Қытайға, Германияға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Украинаға, Белоруссияға, Өзбекстанға және әлемнің басқа да елдеріне экспортталады.

Импорттық өнімнің ірі жеткізушілері Ресей Федерациясы, Жапония, Қытай, Германия және басқалар болып табылады.

Қостанай облысы-аграрлы-өнеркәсіптік аймақ.

Қостанай облысының аумағы 19,2 млн гектарды құрайды.

Облыс аймақтағы ірі астық шаруашылықтарының біріне кіреді.

Қазақстан Республикасында республикалық көлемнен 30% - ға дейін астық шығара отырып. Жыл сайын орта есеппен 1,5 млн.тонна көлемінде әлемнің 33 еліне, оның ішінде 21 алыс және 12 таяу шетелдерге экспортталады.

Облыста жылына 2 млн тонна астық өңдейтін 70 диірмен кешені бар.

Машина жасау маңызды негіз болып табылады экономика Қостанай облысының жетекші өнеркәсіп саласы өңір.

Машина жасаудың ірі ірі кәсіпорындары: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» ақ, «Композит Групп Казахстан» ЖШС, «Олжа Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС, «Костанайский Тракторный завод» ЖШС болып табылады.

Жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындар Кәсіпорындармен ауыл шаруашылығы техникасын, оған қосалқы бөлшектерді, комбайндарды, тракторларды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды өндіру жүзеге асырылады. Қостанай облысында 5 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді:

1. "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ (Рудный қ.).

2. "Қостанай минералдары" АҚ (Жітіқара қ.).

3. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" ЖШС (Жітіқара қ.).

4. "Қазақстан алюминийі" АҚ филиалы Торғай боксит кен басқармасы (Арқалық қ.).

5. "Қазақстан алюминийі" АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасы (Лисаковск қ.).

Индустриялық аймақ және бизнесті дамыту институттары Қостанай облысының экономикалық саясатының негізгі басымдылығы инвестицияларды тарту және өңірде инвестициялық процесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Қостанай қаласында аумағы 400 Га индустриялық аймақ дамуда.