Вейерштарасс Карл Теодор Вильгельм (31.10.1815, Остенфель, - 19.02.1897, Берлин) - математик. Берлин университетінің профессоры. Вейрштрасстың зерттеулері негізінен математикалық анализге, аналитикалық функциялар теориясына, вариациалық есептеуге, дифференциялдық геометрияға және сызықтық алгебраға арналған. Ол аналитикалық функциялар теориясы бойынша комплекс айнымалылар теориясын дәрежелік қатарлар арқылы дәлелдеп, пропорционал сандар теориясының бір нұсқасын шығарды. Вейерштрасс математикалық анализді логикалық жағынан аса қатаң да дәл негіздеуге тырысып, оның принціптерін қарапайым арифметикалық ұғымға келтіруді, яғни математиканы арифметикаландыруды бастады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1622 жылы туғандар Санат:1673 жылы қайтыс болғандар Санат:XIX ғасыр математиктері Санат:Германия математиктері