Алексей Семенович Колебаев (31 наурыз 1914, Камышенка ауылы, Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 26 сәуір 1982, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері.
Өмірбаяны 1914 жылы 31 наурызда Ақмола облысының (қазіргі Ақмола облысының Астрахан ауданы) Ақмола уезінің Камышенка ауылында дүниеге келген. 1940 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.
1934 жылы Семей қаласындағы жұмысшы факультетін бітірді.
1940 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын тәмамдады.
1940—1943 жылдары «Оралкөмір» басқармасында (Оңтүстік Орал никель зауыты) шебердің көмекшісі, шебер, ауысым басшысы, цех басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
1943—1944 жылдары БК(б)П Ор қалалық комитеті бөлімінің меңгерушісі (Чкалов облысы) қызметін атқарды.
1944 жылы Оңтүстік Орал никель зауытындағы БК(б)П Орталық Комитетінің партия ұйымдастырушысы болып еңбек етті.
1945—1946 жылдары Ор-Халилов металлургия комбинатындағы (Чкалов облысы) БК(б)П Орталық Комитетінің партия ұйымдастырушысы болды.
1946—1948 жылдары Оңтүстік Орал никель комбинатында электр пештері басқармасы басшысы, КСРО Түсті металлургия министрлігінің бақылаушысы міндетін атқарды.
1948—1950 жылдары Өскемен мырыш комбинатының ауысым басшысы болып еңбектенді.
1950—1952 жылдары «Алтайқорғасынқұрылыс» тресінің партия ұйымдастырушысы болып күн көрді.
1952—1955 жылдары Өскемен мырыш комбинатының партия ұйымдастырушысы лауазымында мехнат қылды.
1955—1958 жылдары Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1958 жылдың 7 қаңтарынан — 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарды.
1963 жылдың 3 қаңтар-19 қаңтарҚазақстан КП Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық I конференциясының қаулысы. аралығында Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің өнеркәсіптік өндіріс жөніндегі ұйымдастыру бюросының төрағасы болып еңбек етті.
1963 жылдың 19 қаңтарынанҚазақстан КП Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық комитетінің I пленумының қаулысы. — 1964 жылдың 28 желтоқсанына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық комитетінің 1-хатшысы болды.
1964 жылдың 28 желтоқсанынанҚазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің I пленумының қаулысы. — 1965 жылдың 13 сәуіріне дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы міндетін атқарды.
1965 жылдың 5 сәуіріненҚазақстан КП Орталық Комитетінің XII пленумының қаулысы. — 1975 жылдың 25 сәуіріне1975 жылғы 24–25 сәуірдегі Қазақстан КП ОК XI пленумының қаулысы. дейін Қазақстан КП ОК хатшысы болып еңбектенді.
1975 жылы зейнетке шықты.
Қазақстан Компартиясының XXIV съезінің Бюро мүшесі, КОКП-ның XII–XIII съездерінің делегаты, Шығыс Қазақстан облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесінің 7-шақырылым депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VI, VII және VIII шақырылымдарының депутаты.
1982 жылы 26 сәуірде қайтыс болып, Алматы қаласының Орталық зиратына жерлендіАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, 5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев. — Алматы, 1974. — 491 б.
Дереккөздер
Сілтемелер Алексей Колебаев. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Одақ Кеңесінің 7-шақырылым депутаттары Санат:Шығыс Қазақстан облысынан келген Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері