Кері байланысты хабар тарату жүйелері (орыс. Системы передачи сигналов с обратной связью). Байланыс арнасымен берілетін мәліметтің дәлдігін арттыру үшін мәліметтерді кейін қарай беруге арналған қосымша арналар қолданылады. Яғни, берілген мәліметтің дұрыс жеткенін тексеру үшін қосымша арна пайдаланады. Ақпарат көзінен мәлімет тіке арна арқылы қабылдаушыға жетеді. Қабылдау орнында алынған мәліметтің дұрыс екенін тексеру үшін кері арнамен хабар беруші құрылғыға жетіп, сол жерде берілген мәлімет пен қабылдаушыдан қайтып келген мәлімет салыстырылып, оның дұрыс болатыны анықталса, онда келесі хабар жіберіледі. Ал егер дұрыс болмаса, мұның алдында берілген хабар қайталанады. Мұндай қайталану берілген хабар мен кері қайтып келген хабар бірдей болғанша жүреді. Екінші жағдайда қабылдау орны қабылданған мәліметтің дұрыс екенін тексеріп, егер ол дұрыс болса, қабылдап, дұрыс болмаса , кері арнамен қайтарып жібереді. Сонда хабар беруші дұрыс қабылданбаған хабарды қайталап береді. Кері байланысты пайдалану арқылы арналардың сипаттамалары талданып, қай арнаның қандай байланысқа пайдалы екені бағаланып, бөгеулердің сипаттамаларына байланысты берілетін артық мәліметтер мөлшері реттеледі. Берілген мәліметтердің дұрыс жіберілгені қай жерде тексерілетініне және тексерудің әр түрлі әдістерін қолдануға байланысты кері байланысты сигнал беру жүйесі бірнеше түрге бөлінеді. Олар: ақпараттық кері байланыс жүйесі және аралас кері байланыс жүйесі. Радиотехника, Компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007