Индукциялық анықтама - математикалық және логикалық жүйелер объектілерін анықтау әдістерінің бірі. Оның мәні мынада: а) жүйенің түпкі немесе элементар объектілері; ә) нақты бар объектілерден жүйенің жаңа объектілерін құруға мүмкіндік беретін ережелері немесе операциялар көрінеді. Сөйтіп дұрыс құрылған натуралдық санды (арифметикада), сондай-ақ дәлелденетән формуланы (логикалық есептеулерде) және т. б. анықтайды. Индукциялық анықтама толық болуы лазым, яғни оның амалдарымен осы жүйенің барлық объектілері анықталуға тиіс. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Индукциялық анықтама · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.