Карлейль Томас (1795-1881) - ағылшын буржуазиялық философы және тарихшысы. Неміс идеалистік философиясы мен реакцияшыл романтизмін насихаттады, пантеизмге жақын тұрды. К. Фихтенің әлемнң шығармашылық түп төркіні ретіндегі субъектінің белсенділігі туралы ілімін қоғамдық жағдайларға қолдана отырып, "тарихи тұғаларға табынуды" уағыздады. Карлейль бойынша, қоғам тарихы - ұлы адамдардың өмірбаяны. Карлейль тарихи айналым теориясын жақтады. Оның капитализмді сынауы "феодалдық социализмге" жақын. Қазіргі буржуазиялық философтар мен социологтар Карлейль мұрасын марксизм-ленинизмге қарсы күреске пайдалануда. Негізгі шығармашылықтары: "Сартор Резартус", 1834; "Батырлар, батырларды құрметтеу және тарихтағы батырлық", 1840; "Өткен кезбен қазіргі кез", 1843; "Француз рефолюциясының тарихы", 1837; "Қазіргі памфлеттер", 1850. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Томас Карлейль · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.