Кондорсе Жан Антуан (1743-94) - француз ағартушы-философы, экон. мәселелерде физиократтарды (Тюрго) жақтады. Кондорсе дінді деизм мен бурж. ағартушылық тұрғысынан сынады, соқыр сенімдерден арылуға және ғыл. білімді дамытуға шақырды. "Адам ақыл-парасаты прогресінің тарихи көрінісінің нобайы" (1794) атты басты еңбегінде тарихты ақыл-парасаттың жетістігі деген көзқарасты дамытты, бурж. құрылысты парасат пен "заңдылықтың" шырқау шыңы деп жариялады. Әртүрлі кездесоқ белгілерге сүйене отырып Кондорсе тарихты 10 дәуірге бөлді және капит. құрылыстың мәңгі прогрестік идеясын негіздеді. Кондорсе сословиерге жіктелуге қарсы күресіп, саяси теңдікті қорғады. Сондай-ақ мүлік теңсіздігін қоғам үшін пайдалы деп санады. Дереккөздер Философиялық сөздік
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Кондорсе Жан Антуан · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.