Қызылкезең – Күршім жотасының оңтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Майтерек ауылының батысында 5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1731 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-ге созылдып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Беткейі көлбеу бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік беткейінен Қыстау-Күршім, шығысынан Қалғұтты өзендерінің салалары бастау алады. Солтүтік-шығысында Салқыншоқы, оңтүстігінде Ақтөбе тауларымен шектеседі.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы девонның эффузивтік жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырағында бетеге, селеу, жон-қырқаларында түрлі бұталы өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы таулары