Ене Ландлер ( 23 қараша 1875, Батыс Трансданубия аймағы, Гелше – 25 ақпан 1928, Канн) — венгр жұмысшы қозғалысының қайраткері.

1904—06 ж. жұмысшылар ереуілдеріне басшылық етті; 1906 жылдан Венгрия деморатиялық партиясының мүшесі, ал 1908 жылдан оның социалшыл қанатының белсенді қайраткері болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында милитаризмге қарсы күресті. 1919 жылы ол Венгр совет республикасы басшыларының бірі болды. Венгр советтік республикасы құлағаннан кейін эмиграцияға кетті. 1919 жылдан Ландлер Венгрия Компартиясының (ВКП) мүшесі, Комитеттерінің 3—4 және 5 конгрестеріне қатысты. Ландлер венгр жұмысшылар қозғалысының тарихы жөнінде бірқатар еңбектер жазды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:22 қарашада туғандар Санат:1875 жылы туғандар Санат:Батыс Трансданубияда туғандар Санат:24 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1928 жылы қайтыс болғандар Санат:Каннда қайтыс болғандар Санат:Мажарстан коммунистері Санат:Мажарстан кәсіподақ қайраткерлері Санат:Әскерге қарсы белсенділер Санат:Мажарстан революционерлері Санат:Ресей революционерлері Санат:Коминтерн Атқару комитеті мүшелері Санат:Кремль қабырғасындағы некропольге жерленгендер