Наутилус () — басаяқты моллюскілердің бір туысы.

Бақалшағы үлкен, диаметрі 30 см-ге дейін, сыртқы бақалшағы бірнеше камералы. Ақырғы үлкен камерада моллюск денесі болады. Камералар гидростатикалық қызмет атқарады. Моллюск су түбіне түсу үшін камераларын суға толтырады, ал су бетіне шығу үшін оларды азоты көп газға толтырады. Наутилустің Үнді мұхитында, Тынық мұхиттың батыс бөлігінде таралған бірнеше түрі бар. Су түбінде жылжып не су бетінде жүзіп тіршілік етеді, жемі — ұсақ краб пен балық. Тынық мұхит аралындағы кейбір халық етін жейді, бақалшағынан ыдыс, түйме жасайды. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том

Түрлері thumb|300px|left|Nautilus macromphalus (сол жақта), Nautilus scrobiculatus (ортасында), Nautilus pompilius (оң жақта)

Nautilus belauensis †Nautilus cookanum Nautilus macromphalus Nautilus pompilius () Nautilus pompilius pompilius Nautilus pompilius suluensis †Nautilus praepompilius Nautilus stenomphalus

Дереккөздер

Санат:Моллюскалар