Қаршыға – Тарбағатай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылының оңтүстігінде 18 км жерде орналасқан. Орта Ұласты (Ласты) өзенімен оның оң саласының суайрығында. Абсолюттік биіктігі 1595 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2-2,5 км-ге жуық.
Жер бедері Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай еңістеніп өзен арналарына тіреледі. Солтүстік-шығысында Манас, оңтүстігінде Қызыл, оңтүстік-батысында Кішіқожыр таулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің төменгі кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қара, қоңыр топаырақ жамылғысында бетеге, сұлыбас, қызыл қау аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары