Асқар Тоқпанов (2024 жылға дейін — Казцик)Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын қайта атау туралы — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Асқар Тоқпанов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауындағы көкпек, жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен сұр, сортаң сұр топырақты құрғақ шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен34817704 14499 188,2 3787 7196 190 3917 7303 186,4

Тарихы Іргесі ұжымдастыру жылдары (1930 – 35) қаланған. 1969 жылдан “Комсомол” сүт шаруашылығының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, мешіт, кітапхана, фельдшерлік-дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері