Арқарлы – Тоқырау өзенінің оң жағасындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км, ең биік жері 1114 м.

Жер бедері Сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген, беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың солтүстік және батыс етегінде көп мөлшерде қорымтас жиналған.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің орта және жоғарғы бөліміндегі тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі. Жазғы, қысқы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары